20 наурыз-Зияткерлік күні » Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2021

20 наурыз-Зияткерлік күні

«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Наурыз мейрамын он күн тойлау тұжырымдамасына» сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтілуде.
Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Х.Иминова және кітапханашы Г.Навирдинова ұйғыр ақыны, балалар жазушысы, журналист Авут Мәсимовпен кездесуді Қазақстан Жазушылар одағы Ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрайымы Патигүл Мәхсәтованың жетекшілігінде, РҰЭО жанында құрылған кеңес мүшесі Шерипжан Ильяровтың қолдауында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясынла мектеп оқушыларымен Zoom платформасы арқылы «20 наурыз - Зияткерлік күніне» кездесу кешін өткізді. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін иллюстрациялық бейнелер арқылы көрсетіп, мәнерлеп оқып, ой бөлісіп, ертегілерінен керемет әсер алды.Оқушылар өздерін қызықтырған, ойландырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Кездесуден қатысушылардың алған әсері жақсы болып, пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында, А.Мәсимов мектеп кітапханасына және оқушыларға 20 кітап сыйлады.
Балалар ақыны Авут Мәсимов мектеп кітапханасына және оқушыларға 20 кітап сыйға тартты. Ұлкен рахметімізді айтамыз.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив