1 Наурыз - Алғыс айту күні » Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2021

1 Наурыз - Алғыс айту күні

"1 наурыз-Алғыс айту күні" түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. Оқушылар комитеті "1 наурыз-Алғыс айту күні" атты бейнеролик, Р.Амарова жетекшілігіндегі 8 "А" сынып оқушылары мерекемен құттықтап, өз алғыстарын білдірді. С.Асимова жетекшілігіндегі 1 "А" сынып оқушылары, М.Итахунова жетекшілігіндегі 3 "А" сынып оқушылары, З.Исламов жетекшілігіндегі 9 "А" сынып оқушылары "1 наурыз-Алғыс айту күнімен" құттықтады.
Р.Амарова жетекшілігіндегі 8 «А» сынып оқушысы Мурат Розигүл  көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап,  жылы лебізін білдірді.
Оқушылар комитетінің құттықтауы:  8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымызға, мектепте жұмыс істейтін барлық әйелдер қауымына ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
 Г.Шаваева жетекшілігіндегі 1 «Ә», Г.Айсарова жетекшілігіндегі 6 "А" сынып оқушылары 8 наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап,  жылы лебізін білдірдіhttps://www.facebook.com/100044411614623/posts/303982281092157/?app=fbl
2021 жылдың 10 наурыз күні нөмірі 4 Шонжы орта мектеп ғимаратында  жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Қадыр Мырза Әлі оқулары байқауының аудандық кезеңіне "Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-сынып оқушысы Низамдунов Арман "Сөздің бәрі құдіретті"-бағыты бойынша Қадыр атаның 35 өлеңін жатқа оқып, сондай-ақ  9-сынып оқушысы Қудрятжанова Назугум "Қуып шығар сөзді ой кейін..." бағыты бойынша өз шығармашылығынан Қадыр атаға арнап өлеңдер оқып, жүлделі 2-орындарға ие болды.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив