Кітапхана жұмысы » Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2021

Кітапхана жұмысы

Аты-жөні:  Навирдинова     

                           Гульмира Азатжановна

Туған жылы:    11 қыркұйек 1978 жыл

Білім туралы мәлімет: Жоғары, Жен ПИ   2006 жыл                             

Мамандығы:      Кітапханашы 

Еңбек өтілі:    18 жыл

Санаты:     II санат     12 дәрежелі

Курстан өту мерізімі: Алматы 2011  жыл

 



 



    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.

       Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар түзіліп, сол жоспар аясында іс- шаралар жүргізілуде.

Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.

Жобаның міндеттері : Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін дамыту; Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жоба жүйесін қалыптастыру; Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап –талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екенін түсіндіру; Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту; Интерактивті әдістемелерді қолдану: Электронды кітаптарды оқуға баулу; Аудиокітаптардың тізімін беру, қолдана білу; BookCrossing кітап алмасу қозғалысын дамыту.

Күтілетін нәтиже: 1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, сүйікті кейіпкерлерінің сүретін салады.

2.Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі,   оқырмандарды шабыттандырады.

3.Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.

4.Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тарту, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру.

Кітап оқу – өнер. Әр адам өз мамандығына орай, жалпы қызығатын тақырыбына, талғам- талабына, қабілетіне орай баспалар толассыз    шығарып жатқан қыруар өнімдер тізбегінен қажетті кітаптарын таңдай білуінің өзі өнер.

       Орыс жазушысы М. Горький «Мен бойымдағы барлық жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын»  деп айтса,   немістің ұлы ақыны Гете «Көкірегі ашық жұрт оқи білуге үйренудің қаншалықты қиын екенін біледі. Мен бұған 80 жыл өмірімді арнадым, білемін, үйрендім, деп бірақ үзілді- кесілді айта алмаймын» деп кітап оқудың көп еңбекті керек ететін қиын өнер болатындығы жөнінде айтқан.

«Отбасылық оқудың дәстүрлері»

Мақсаты: Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытындағы өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Оқушылармен ата-аналарды кітап оқуға тарту.

Күтілетін нәтиже: Ата–ана баланың қандай китап оқып жатқанын қадағалайды. Отбасында оқыған кітап туралы өз ой-пікірлерін айтады.

Ата-ананың мектеп кітапханасымен байланысы нығаяды. 


 


«Оқы және өзгеге сыйла» Bookcrossing

Мақсаты: Мектеп кітапханаларының қорын заманауи кітаптармен толықтыру.

Күтілетін нәтиже: Кітапхана фойесіндегі кітап сөресінде көркем әдебиеттер жинақталады. Әр оқушы өзіне ұнаған кітабын сөреден алып оқиды. Әр оқыған оқырман өзінің оқыған кітабын жарнамалайды. Әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқу. Кітап оқуға басшылық жасау.

Білім алушылардың сыныбымен таңдап алған кітаптарын түгел оқуға шақыру. Сыныппен оқыған кітаптарын, кітап кейіпкерлері болып жарнамалау.


  

         Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мектебімізде «30 жылдыққа 30 кітап » тақырыбында сыныптар бойынша жарыс ұйымдастырылды.  Оқушылар «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында тандалған 30 шығармаларын оқып шықты.

  Әр бір сынып өздері оқыған 30 кітабы бойынша слайд жасады, қабырға газет шығарды. Байқау болған күні слайдтар бойынша оқыған кітаптары туралы өз ой пікірлерін айтты. 

   Әділ қазылар тобы  30 кітапты толық оқып шыққан сыныпқа және ең кітапты көп оқыған оқырманды таңдап марапаттады, сыйлықтар берілді. 

«Еркін оқу кеңістігі»

 (20 минут оқыда, 3-минут эссе жаз)

Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.

 

       Оқырман күнделігінде оқушылар кітапханаға кірген күнін, алған кітап атауы және авторын жазады. Кітапты оқып болғаннан кейін кітаптың қысқаша мазмұнын, ондағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлері туралы жазып, соңында кітап туралы өз ой пікірлерін айтады. 

«Балалар әдебиеті»

Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға , оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру. Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың оқу дағдысын, сауаттылығын қалыптастыру. Ертегіні оқи отырып қиялдайды, ертегі туралы шағын әңгіме жазып келеді, сурет салады.

  

Ғалымдар өмір баяны .Мерей той иелері болған ақын жазушылардың еңгіме, өлеңдерін оқып, басқа оқырмандарға оқуға ұсыну /Челендж/

Мақсаты: Оқушыларға ақын- жазушыларларымыздың өмір баяны мен еңбектерін таныстыру. Кітап оқуға болған қызығушылықтарын ояту.

Күтілетін нетиже:  Оқушы  автор туралы мәлімет іздейді; өмір баяны, еңбектері, қандай  кітаптар жазды. Оқыған кітабын жарнамалауға, насихаттауға дағдыланды.

    Сондай-ақ оқушылар  кітаптардың аудио нұсқаларын, QR код арқылы  электронды кітап нұсқауларын оқып шықты. Оқыған кітабын басқа оқырмандарға оқуға ұсынды. 


   

     Қорыта айтқанда біздің мектеп кітапханасында  ұйымдастырып  жаткан іс-шаралардың оқушыларға  берер тәрбиелік маңызы өте зор деп ойлаймын. 

      Біз жас ұрпақ, білімді, табысты болуымыз үшін ерінбей білім алуға, кітапты көп оқуға міндеттіміз.  

      Қазақ тілі, уйғур тілі, орыс тілі пән мұғалімдері оқушыларға  ақын- жазушылардың кітаптарын оқуға шақырып, оқыған кітаптары бойынша эссе жаздырса, тарих, биология география пән мұғалімдері энциклопедиялық кітаптардан сабаққа қосымша мағлуматтарды ізденіп табуға дағдыландырады.

    Bookcrossing ұйымдастыру арқылы біз кітапхана қорын толықтырдық, кітаптың айналыста болуын қадағалыдық, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын артырып өз ой пікірлерін еркін айтып, оқу сауаттылығын арттыруда  өз үлесімізді қосып келеміз. 


«Бекітемін »                                                                «Келісілді

       «____»  2021 жыл«____»    2021 жыл

      Мектеп директоры                                                                                                                       Директордың тәрбие ісі                                        

жөніндегі орынбасары

       ________   Х.Ю. Ходжаев                                                                                                                  ______І.Т.Булгиев


«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар 












Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сендай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.


 
 

Жобаның міндеттері : Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін дамыту; Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жоба жүйесін қалыптастыру; Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап –талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екенін түсіндіру; Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту; Интерактивті әдістемелерді қолдану: Электронды кітаптарды оқуға баулу; Аудиокітаптардың тізімін беру, қолдана білу; BookCrossing кітап алмасу қозғалысын дамыту.


Күтілетін нәтиже: 1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, сүйікті кейіпкерлерінің сүретін салады.

  1. Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.
  2. Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.
  3. Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тату, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру.






Тақырыбы 

Өткізілу түрі

 Өтілетін уақыт 

 жауапкер

1

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар құру. 


қыркүйек

Мектеп ұжымы 

2

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша қабырға стенд шығару. 


қыркүйек

Мектеп ұжымы

3

Оқырман активистерін сайлау .


қыркүйек

Мектеп ұжымы

4

«Оқи және өзгеге сыйла» буккроссинг ұйымдастыру .

буккроссинг

қазан 

Кітапханашы 

5

«Кел бірге оқиық » 20 минут оқыда 5минут эссе жаз.  

эссе

қазан

Қазақ, орыс, ұйғыр тілі мұғалімдері 

6

«Кел балалар оқылық» Ы. Алтынсарин туғанына 180 жыл толуына орай  өлеңдерін жатқа оқу.

Челлендж

 5-6 сынып

қазан

Кітапхана актівістері

7

«Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты» 

Күзгі, қысқы, көктемгі жазғы, демалыс кезінде кітап оқу.

Демалыс кезінде

кітапханашы

8

Тәуелсіздіке 30 жыл- 30 кітаппен. Оқыған кітаптар бойынша жоба қорғайды. 

Акция 

желтоқсан

Сынып жетешілер 

5-11сынып

9

«Бабалар ерлігі ұрпаққа мұра» Қазақ хандығы бойынша шыққан кітаптармен танысу .

Тәрбие сағат

Желтоқсан 

Тарих пәні мұғалімі 

Г. Ашимова 

10

«Жерлес ақын –жазушыларымен кездесу»

К. Тараншиева .    П. Мәхсатова 

Онлай кездесу 

Қаңтар 

Қазақ тілі, ұйғыр тілі мұғалімдері. 

11

«Менің сүйікті кейіпкерім» бастауыш сыныптармен ертегілер еліне саяхат.

Саяхат , сурет салу

ақпан

Бастауыш сынып мұғалімдері, технология пәні мұғалімі 

12

Семей ядролық палигоның жабылғанына - 30 жыл 

Тәрбие сағат

Сәуір 

Тарих пәні мұғалімі 

Д. Ғожәмбәрдиев     

13

«Қандай кітап оқыдың?»

Сұрақ -жауап

сәуір

Кітапханашы 

14

«Өзің оқы және басқаларға ұсын» ұстаздармен оқыған кітаптар бойынша челлендж ұйымдастыру.

челлендж

наурыз

Мектеп ұжымы 

15

«Бір отбасы- бір кітап» отбасы клубын ұйымдастыру. 

Отбасылық оқу 

Мамыр 

2-9 сыныптар 

16

Қорытынды шығару 

Пед кеңес

мамыр

Мектеп ұжымы 












«Келісілді»                                                                                     «Бекітемін »                                                                      «____» 09.  2021 жыл«____»  09.2021 жыл Директордың тәрбие ісі                                              Мектеп директоры                                                        

 жөніндегі орынбасары                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

   ______І.Т.Булгиев                                                                                                                                                                       ________  Х.Ю. Ходжаев                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жасалған жоспар 

Іс шара атауы 

Өткізілетін түрі

сыныбы

уақыты

Жауапкер 

1

«Оқуға құштар мектеп»  жобасы бойынша буккроссинг ұйымдастыру 

Кітап көрмесі

кітапханашы

қыркүйек

Г. А.Навирдинова

2

2021-жыл мерей той иелерінің     еңбектерімен таныстыру, оқуға ұсыну     

Таныстыру

кітапханашы

қыркүйек

Г. А.Навирдинова

3

«Ұлттың ұлы ұстазы » тілдер мерекесіне арналған тәрбие сағат ұйымдастыру. 

Тәрбие сағат 

8 сынып

қыркүйек

Г. А.Навирдинова

4

«Кел балалар ,оқылық!» Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына арналған өлеңдерін жатқа оқу .

5-8 оқушылары арасында челлендж

5-8 сынып

қазан

Г. А.Навирдинова

5

«Менің сүйікті бейнем – менің кітабымда »     тақырыбында оқыған кітаптар бойынша пікір талас. 

Дөңгелек үстел 

8-10 сыныптар арасында  /челендж ұйымдастыру/

15 қазан

Г. А.Навирдинова

6

«Кітап оқығанды ұнатамын» бастауыш сыныптар арасында кітап оқуға болған қызығушылықты артыру.

Оқыған кітапты талқылау 

2-5 сыныптар

қараша

Г. А.Навирдинова

7

Тәуелсіздікке 30 жыл- 30 кітап

Акция 

5-9 сыныптар

желтоқсан

Г. А.Навирдинова

8

Кітапханаға кітап сыйла акциясын ұйымдастыру .

Қорды толықтыру

Кітапхана белсенділерімен.

наурыз

Г. А.Навирдинова

9

И. Бәхтияға 90 жыл өлеңдерін мәнерлі жатқа оқу

челлендж

2-9сыныптар

наурыз

Г. А.Навирдинова

10

«Менің сүйікті кейіпкерім»  

Ертегілер еліне саяхат 


сәуір

Г. А.Навирдинова

11

Ауданымыздан шыққан жазушы 

П. Мәхсатова мен онлайн кездесу ұйымдастыру.  

ZOOM арқылы 

6-7-сыныптар 

Сәуір 

 Кітапханашы,

Х. Иминова

12

Кітапханаға кітап сыйла акциясын 

ұйымдастыру .

Қорды толықтыру

Кітапхана белсенділерімен.

Сәуір 

Г. А.Навирдинова

13

Кітап күнін тойлау.  «Кітап -білім әлемі»

Байқау 

5-8 сыныптар

сәуір

Г. А.Навирдинова

14

«Біз тату тәтті отбасымыз» 

Отбасымен кітап оқу

9- сынып

Мамыр 

Г. А.Навирдинова

15

«Кітап- оқисыз ба?»

Блиц сұрақ

наурыз

Мамыр 

Г. А.Навирдинова








Мектеп кітапханашысы               Г. Навирдинова 





 


 
 











Кітапханашы       Г. Навирдинова 

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив