Мектеп тарихы » Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 45-6-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Тиірмен ауылы Тянь-Шань тауының жанына орналасқан ежелгі ауылдардың бірі, Алматы облысы, Ұйғыр ауданына орналасқан. Бұл ауыл Іле өзенінен 80 шақырым жоғары орналасқан.
1930 жылы Тиірмен селолық кеңесі құрылды. Селолық кеңеске 50205 гектар жер бекітіліп берілді. Оның ішінде егістік жер 1660 гектар, шабыстық жер 3487 гектар, мал жайылымы 31645 гектар, алма бағы 12 гектар, селоның алып турған орны 90 гектар.
Ауылда 7 ұлт өкілдері өмір сүреді.
Кеңес үкіметіне дейін Һасан Хәлпәт деген кісінің басшылығында дін мектебі ашылған. Туддисопахун деген малибайлық сауатты молда Узынтамда дін мектебін ашқан. Бұл кісі келгенше Ұзынтамдықтар өлгендерді 31 шақырым алыстықтағы Тиірмен ауылына әкеліп жерлеген. Туддисопахун молда келіп «Мен өлгенде осы Ұзынтамға жерлейсіңдер, Ұзынтамдықтарды да осы жерге жерлейсіңдер» - деп, бейіт аштырған. Бүгінгі күнде де осы молданың бейітін оқушылар жоқтап, гүлшеңберін қойып тұрады.
Содан 1912 жылы Үлкен Ақсулық Зордунахун деген кісі тәлім берген. Сондай-ақ 1917 жылға дейін Ақмолла ахун, Ели имам, Мәмтели мәзиндер оқытқан.
1917 жылы ұлты өзбек Ұзынтамдық Рәхмитулла деген кісі жаңаша білім негіздерін беретін мектеп ашқан. 1922 жылы бірінші басқыш 1-4 сыныптар үшін мектеп ашылып, онда Дуганов Хайрулла сабақ берген. 1924-1927 жылдары Тиірменде жаңаша мектеп қазіргі М.Насырова көшесінің № 4 үйдің орнында болған. Бұл мектепте Османов Үсүп, Сетиев Молели ұстаздық еткен. Илиев Хелил мектеп директоры қызметін атқарған.
1930-1941 жылдар аралығында Тиірмен ауылында жаңа мектеп ашылды. Бұл мектепте мұғалімдер саны арта берді. Бұнда география пәні мұғалімі шелектік Ашимова директор болған. Бұл ұйғыр-қазақ 7 жылдық мектебі болған.
Ұстаздардан Худияров Ғуламдун, Абдуллаев Мәһәмәт, Шарипов /анджандық/, Төлебергенов, Мырзабеков, Мусаева Хелимхандар, әскери даярлықтан Гончар, неміс тілінен Красовская, Нурбаева, Худавәрди Машуров /қалжаттық/, Жалилов /долаталық/, Ермен Егиликов /қарағандылық/, Садвақасов Ермек /алматылық/ білім берген.
Сол жылдары көрші /кейін бірігіп кеткен/ Удута ауылында білім беру ошағы құрылған. Бұл мектепте шамамен 20-30 бала оқыды, онда ұстаздық еткендер: Сетиев Молели, Турсун Мәһәмәт, Давутов Мусалар. Сол жылдары үш Ленин орденінің иегері Мирзигүл Насыров оқу ісінің меңгерушісі қызметын атқарды, Турдякова Запирәм, Турдякова Оғләм, Назаров Тохтиғожа, Пархатов Шамжандар сабақ берген.
Соғыс басталғанда 4 қызды Һевуллаева Раһиләм, Турдякова Оғләм,
Ушурова Аминям вә Ушурова Турсунбүви аналардың соғыс жылдарындағы ауыр жағдайға қарамай балалардың сабақтан қалмай, келешекке үмітпен қарап, аш-жалаңаш түске дейін оқып, түстен кейін аңыздан масақ жинап және тау жуасын жинап келіп омашқа араластырып жегізгендігі, қарақаттың суын шығарып құтыларға құйып сия жасағандығы, кейде оны аш қалған балалар ішіп алатындығын еске алады. Қағаз болмағандықтан газет беттеріне жазып, әріп таныған. Ашаршылықтан бүгін сабақта отырып, ертесі өліп қалған балаларды көметін ерлер болмағандықтан, өздері жерді қазып, жерлеген. Бұл ауыртпалықты еске алғанда соғыс жылдарына қарғыс айтып, бүгінгі бейбіт заманға шүкіршілік етеді.
1949-1950 жылдары мектеп директоры болып Кіші Ақсулық Жапаров Садиқ істеген. 1950 жылы Удута ауылы Тиірменге көшіріліп, Тиірмен-Удыты мектептері бірікті. Ұзынтам бастауыш сынып мектебі болып қалды.
1950-1961 жылдары Шонжылық математика пәнінің мұғалімі Избакиев Мустапа Тиірмен 7 жылдық мектебіне директор болды.
1963 жылы Тиірмен 8 жылдық мектебі болып құрылды. Тиірмен ауылы тұрғындарының жыл санап өсіуіне байланысты ауылдық кеңестің төрағасы Мирзагул Насыров жетекшілігімен жаңа мектеп құрылысы қолға алынды. Ауылда әр бір отбасы бір қарағай немесе тақтайдан беріп, оның үстіне ұстаздар жетекшілігімен үлкен сынып оқушылары таудан қарағай сүйреп әкеліп, оны тақтай етіп тіліп, 8 жылдық мектепті салуға өз үлестерін қосты.
1965-1966ж 8 жылдық мектепті бітіргендер көрші Ават және Ақсу мектептеріне қатынап, Ақсу интернатында жатып, орта мектепті бітірді. 1961 жылы мамыр айында ауыр науқастан Мустапа Избақиев қайтыс болғаннан кейін уақытша Тиірмен мектебінің директоры болып Зияров Низамдун бекітілді.
1961 жылы жаңа оқу жылының басталуымен 1966 жылы желтоқсан айына дейін Шерхан Турдякова мектеп директоры болып істеді. 1965 жылы 320 орындық заманға сай мектеп-интернаты іске қосылды. Бала санының өсуіне орай аудандық кеңес мүшелері Кентал Бақиев, Құрман Қожахметов және колхоз председатели Тийивахун Шарипов ауылдық кеңестің төрағасы Моллашев Идимубаряк, мектеп директоры Шерхан Турдяковалардың бірлесе істеген еңбегінің нәтижесінде 1962-1966 жылдар арасында Алматыдағы Талғар СМУ 4-құрылыс бөлімшесі 2 қабатты мектеп интернатын салып берді. 1963 жылы 1 қазақ сыныбы ашылды. Оның сол кездегі сабақ бергендер Дауренбек Утеулиев, Оқан Бурқанбаев, Елеуісіз Ісаевтар болды. Жаңа мектепке облыстық бөлім бастығы Нурманбетов келіп 20мың сом ақшалай сыйлық берді.
1965-1966 оқу жылында Тиірмен орта мектебі ашылды. 1966-1967 жылы жаңа мектеп-интернат іске қосылды. 1967 жылы 1-қаңтардан 1969 жылы 1-шілдеге дейін Ақсулық Авакри Арзиев директор болып істеді. 1969 жылы тамыздан 1971 жылы қыркүйекке дейін Зияров Низамдун мектеп директоры, 1971 жылы қыркүйектен 1975 жылы маусымға дейін Аваттық Нурахун Мансуров, 1975 жылы шілдеден 1978 жылы тамызға дейін Коммунар Авутов, 1978 жылы қыркүйектен 1983 жылы наурызға дейін Шерхан Турдякова, 1983 жылы наурыздан 1986 жылы қаңтарға дейін Акбаров Абликим, 1986 жылы қаңтардан 1997 жылы тамызға дейін Омарбакиев Амуруллам мектеп директоры болып қызмет атқарды. 1992 жылы наурыздан қыркүйекке дейін аудандық коммитет секретары Муратбек Насыров басшылығында 504 орындық, 3 қабатты, 13 сынып комплектілі меткептің іргесі қаланып 7 ай ішінде жаңа мектеп салынып бітті.
1992 жылы 11-қыркүйекте пайдалануға беріліді.
1992-1993 оқу жылында Тиірмен ұйғыр орта мектебі және Тиәрмен қазақ орта мектебі болып екіге бөлінді.
1997 жылы қыркүйек айынан бастап Акбаров Мухитдин мектеп директоры болып істеді. 1986 жылдан бастап Хамраева Азиям мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Тораева Шарваням директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып істеді. 2005 жылы қараша айынан бастап А.Хамраеваның зейнеткерлік демалысқа кетуіне байланысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Тораева Шарваням, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Велахунова Надиям жұмыс істеді.
2008 жылы қараша айынан бастап мектеп директоры болып Тораева Шарваням, директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Ғожамбердиев Дилшат тағайындалды.
2009 оқу жылында Тиірмен ұйғыр орта мектебінде 50 балаға арналған шағын орталық іске қосылып, мектептің атауы «Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қазіргі кезде мектепкте 216 оқушы білім алады. Бір ауылда құстың қос қанатындай Тиірмен қазақ, ұйғыр мектептерінде шәкірттер білім алуда. Қазір мектепте 36 мұғалім, 4 тәрбиеші, 19 техникалық қызметкерлер, барлығы 68 жұмысшы қызмет істеп келеді.
Мұғалімдердің білімі бойынша 35 жоғары, 7 арнаулы орта, 1 аяқталмаған жоғары білімге ие, біліктілік санаты бойынша 4-жоғары, 20-бірінші санатты, 10 екінші санатты, қалғаны әр түрлі дәрежелердегі мұғалімдер оқушыларға білім беруде.
Орта мектептің ең алғашқы «Алтын медалін» 1966 жылы Махаметов Шамжан, 1972 жылы Надирова Аятхан алған болса, бүгінгі күнде мектепті үлгілі аттестатқа бітірушілер саны 52-ге жетіп, 2009-2010 оқу жылында мектебіміздің түлегі Рекалинова Русиям «Алтын белгі» иегері атанды.
Тиірмен ауылынан шыққан ғалымдар: геология және минерология ғылымының кандидаты Мансуров Мәһәмәт, матеметика ғылымының кандитаттары Сабыр және Мақыт Бетемесовтар, Камал Масутов - физика ғылымының кандидаты Шерпидин Хамраев, экономика ғылымының кандидаты Лутпулла Омарбакиев, ақын-жазушылардан Камал Һасамдинов, композитор-драматург Шайим Шаваев, Коммунар Авутов, Патигүл Мақсатова, Күлимақан Тараншиевалар, жас ғалымдарымыз бір отбасынан шыққан ағалы-қарындас Лутпуллам және Юлтузай Омарбакиевтар секілді ғалым, ақын, жазушыларымыз ауылымыздың, мектебіміздің, еліміздің мақтанышы.

Похожие публикации:

06 февраль 2018 Мектеп әкімшілігі
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив